«AQ MESHIT» ҰЖЫМЫ ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰРМА МЕН СУ ҮЛЕСТІРДІ (ФОТО)

18 наурыз 2025 591 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Aq meshit» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай елордалық ауыз бекіткен тұрғындарға ауызашар уақыты таяғанда құрма мен су үлестірілді.

Алланың мейірімі мен шапағаты мол айда жақсылық жасауда жарысып, сауапқа кенелуді қалаған «Aq meshit» мешітінің қызметкерлері осылайша қайырымдылық шарасына атсалысты.

Іс-шараның мақсаты – мұсылман қауымын жақсылыққа шақыру, ауыз бекіткен жандарға қолдау көрсету және Рамазан айының рухани құндылықтарын насихаттау. Тұрғындар мұндай сауапты іске ризашылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын айтты.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру