АҚШ-тың тағы бір қаласы Мұсылмандар мейрамын ресми мойындады

13 қаңтар 2021 186 0
Оқу режимі

АҚШ-тың Мейн штатында орналасқан Льюстон қаласының билігі мұсылмандардың Ораза және Құрбан айт мейрамдарын ресми түрде мойындап, күнтізбедегі қызыл күндер қатарына енгізді.

Аумағы жөнінен Мейн штаты бойынша екінші орын иеленетін Льюстон қаласында қазіргі таңда мұсылман жамағатының саны әлдеқайда арта түскен. Осы орайда, мұсылман мейрамдары кезінде көптеген ата-аналар мектеп мұғалімдеріне сабақтан босату жөнінде өтініш жасап немесе мереке келбетін бұзбас үшін балаларын мектепке жібермей қалатын жағдайлар көп кездесетін болған.

«Енді оқушыларды мектеп пен діни сенім арасында таңдау жасауға мәжбүрлеу жойылды деп есептеймін», – дейді аталмыш оқиғаға байланысты өз ойын білдірген Мектептер комитетінің басшысы Джейк Лангле.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру