АҚТӨБЕДЕ ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН КӘРІМ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

12 тамыз 2026 57 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында 2026 жылдың 5-6 қыркүйек күндері қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХV республикалық байқау» өтеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жылдағы дәстүр бойынша ХV Республикалық Құран байқауын 5-6 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында өткізуді жоспарлап отыр.

Байқау Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтеді.

Құран байқауына қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
  • үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
  • толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
  • үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
  • үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
  • үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін:

  1. Облыс Бас имамының ұсыныс хаты;
  2. Үміткердің анкетасы;
  3. Жеке куәлік көшірмесі;
  4. Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі талап етіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.

Номинациялар:
Толық Құранды жатқа оқудан:
1-орын Автокөлік

2-орын (5 000 000 тг.)

3-орын (4 000 000 тг.)

4-орын (2 000 000 тг.)

5-орын (1 500 000 тг.)

Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:
1-орын (3 000 000 тг.)

2-орын (2 000 000 тг.)

3-орын (1 500 000 тг.)

4-орын (800 000 тг.)

5-орын (500 000 тг.)

Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:
1-орын (1 500 000 тг.)

2-орын (1 000 000 тг.)

3-орын (750 000 тг.)

Құранды мәнерлеп оқу бойынша:
1-орын (700 000 тг.)

2-орын (500 000 тг.)

3-орын (300 000 тг.)

Жарысқа қатысып, жүлде алмаған өзге үміткерлердің әрқайсына 80 000 теңгеден беріледі.

Байқау Діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру