«Әр-Рахман» мешіті де «Қайырымды жұма» акциясына үлес қосты (ФОТО)

05 наурыз 2021 3056 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен іске қосылған «Қайырымды жұма» акциясы қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде қызу жалғасын тауып келеді. Күндердің сұлтаны болған жұманың қадір-қасиетін ұлықтай түсу мақсатында бұл күні көптеген құлшылық ордалары қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, жергілікті мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлауда.

Игі жобаға ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты құлшылық ордалары белсене атсалысып келеді. Бұған дейін «Қайырымды жұма» акциясы бірнеше мешіт бойынша ұйымдастырылған болатын. Бүгінгі жұмада осы игі дәстүрге «Әр-Рахман» мешіті де өзіндік үлес қосып, 50-ге жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелері таратылды.

Мешіт бас имамы Руслан Нақыпбекұлының ұйытқы болуымен мешіт қызметкерлері мен жамағаты азық-түлік сөмкелерін мұқтаж отбасылардың үйлеріне дейін жеткізіп берді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру