«ӘР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ 35 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮЛЕСТІРІЛДІ (ФОТО)
04 желтоқсан 2024
630
0
Оқу режимі
Астана қаласы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Әр-Рахман» мешітінде көпбалалы 35 мұқтаж отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Шараға ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің «Зекет және қайырымдылық» қоры бойынша жауапты өкілі Нұрбол Оразбай, «Әр-Рахман» мешітінің бас имамы Жандос Атембаев және көпбалалы мұқтаж отбасылар қатысты.
«Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында 1 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктер салынған арнайы себеттер аз қамтылған көпбалалы отбасыларға үлестірілді.
Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз.
Пікірлер
Кіру