«ӘР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ 35 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

14 қаңтар 2025 92 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Тайқазан» жобасы аясында «Әр-Рахман» мешітінде мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы мен қасиетті «Ережеп» айының құрметіне орай игі бастамаға Астана қаласы өкілдігі ұйытқы болды.

Шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының маманы Әли Мырзақұлов, қордың Астана қаласы бойынша өкілі Нұрбол Оразбай және «Әр-Рахман» мешітінің имамы Жандос Атембаев қатысты.

Елордалық аз қамтылған 35 отбасыға 1 айға жететін азық-түлік қоржындары үлестіріліп, дін қызметкерлері рухани демеу көрсетті. Көмек алушы тұрғындар да жақсы тілектерін айтып, жалғасын тауып келе жатқан сауапты іске алғысын білдірді.

Айта кету керек, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы. Осы уақыт аралығында мұсылмандардың қара шаңырағы көптеген игі бастамалардың ұйытқысы болды. Мұқтаж жандардың мұңын бөлісіп, қамкөңіл жандарды қуантқан қайырымдылық шаралары да соның бір парасы.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру