«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

29 наурыз 2025 216 0
Оқу режимі

«Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Жандос Атембаевтың ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауға мұқтаж, жағдайы төмен отбасыларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктер салынған қайырымдылық себеттері үлестірілді.

Рамазан – мейірім мен қайырымдылық айы. Бұл қасиетті айда мұсылмандар тек өздерін рухани тазартып қана қоймай, мұқтаж жандарға көмектесуге, сауапты амалдарды көбірек жасауға тырысады. Жақсылық жасау – Рамазанның басты қағидаларының бірі. Сол себепті, осындай қайырымдылық шаралары қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты арттырып, адамдардың бір-біріне деген қамқорлығын нығайта түседі.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру