«ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІ 30 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ (ФОТО)

22 наурыз 2025 474 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айының құрметіне ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әс-Сәләм» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс-шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 30 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Рамазан – мейірім мен қайырымдылық айы. Бұл қасиетті айда мұсылмандар тек өздерін рухани тазартып қана қоймай, мұқтаж жандарға көмектесуге, сауапты амалдарды көбірек жасауға тырысады. Жақсылық жасау – Рамазанның басты қағидаларының бірі. Сол себепті, осындай қайырымдылық шаралары қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты арттырып, адамдардың бір-біріне деген қамқорлығын нығайта түседі.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру