«ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІНДЕ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
06 қараша 2026
39
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Әс-Сәләм» мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Игі шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай мен «Әс-Сәләм» мешітінің бас имамы Дастан Зияшұлы қатысты.
Қайырымдылық аясында отбасыларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері салынған қораптар табысталып, олардың әлеуметтік жағдайына қолдау көрсетілді.




Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру