АСТАНА ИМАМДАРЫ ҚҰРАН СЕКТОРЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН АРНАЙЫ КӨРМЕНІ ТАМАШАЛАДЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты имам, ұстаздар Республикалық бас мешітте ұйымдастырылып жатқан Құран көрмесін тамашалауға барды.
ҚМДБ жанынан құрылған Құран секторының меңгерушісі, Республикалық бас мешіттің наиб имамы Серік Ахмет әртүрлі кезеңдер мен дәуірлерден өтіп біздің заманымызға дейін жеткен қасиетті Құран Кәрімнің көне қолжазбаларымен таныстырды.
Сондай-ақ, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов қари Серік Ахметке өкілдікке қарасты дін қызметкерлерінің атынан естелікке арнайы кәдесый табыстады.
Ары қарай бас мешіт қызметкерлері Астана имамдарына құлшылық үйінен ашылған «Дін мен дәстүр» орталығын аралатып, қазақы киіз үйдің мән-маңызы мен ерекшеліктерін түсіндірді.
Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен жыл басында Құран секторы ашылған болатын. Аталған сектор Қарилар даярлау орталықтарының жұмысын жандандыруға, Құран Кәрімді жан-жақты насихаттау мен Құран жарыстарын сапалы әрі нәтижелі өткізуге жан-жақты үлес қосу үшін бағытталған.