АСТАНА ИМАМДАРЫНА УАҒЫЗ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)

21 қараша 2024 69 0
Оқу режимі

Астана қаласының имамдарына уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті жайлы семинар өтті.  

Жиында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Темірлан Дарханұлы «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасын таныстыра отырып, жамағатқа дін насихатын жасауда қажетті жағдаяттарды түсіндіріп өтті.

Уағыз айту – адамдарға дінді жеткізудің бір жолы. Уағызды көпшілікке жеткізу үшін имамның айтатын насихаты жан-жақты, тақырыптан ауытқымай әрі терең мазмұнды әрі шешендік өнермен түсінікті етіп айтылуы керек. Уағыз айту үлгісін жоғары дәрежеде орындау – мұсылман үмбетінің сауаттылығын арттыруға, жан-жақты тұлға, әрі отаншыл азамат болып қалыптасуына, дінаралық бірлік пен татулыққа ықпал ету арқылы мемлекет іргесінің бүтіндігіне қызмет етуге үлес қосады.

Айта кетейік, Астана қаласында өткен І республикалық уағызшылар форумында арнайы құжат қабылданған болатын. Тұғырнамада халық арасында уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүретін имамдарға қажетті ереже-қағидалар қамтылған.

Пікірлер Кіру