Елордада мешіт және медресе маңы абаттандырылды (ФОТО)

14 қыркүйек 2020 3629 0
Оқу режимі

Кеше, жексенбі күні ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Aqmeshit» мешітінің ұйытқы болуымен «Астана» медресе-колледжі мен мешіт ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру мақсатында арнайы шырша ағаштары отырғызылды.

Сауапты іске Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған діни қызметкерлер ұжымы белсене атсалысып, мешіт пен медресе маңыны көріктендіруге өз үлестерін қосып қайтты.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру