АСТАНА МЕШІТТЕРІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

08 қараша 2026 141 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы хазіреттің рухына арналған Құран байқауы өтті. Байқауға елорда мешіттерінің шәкірттері қатысып, Құран Кәрімнің 29–30-паралары бойынша өзара бақ сынады. 

Іс-шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Астана қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы, «Нұр-Сұлтан» мешітінің имамы Қанат Қыдырмин және басқа да дін қызметкерлері мен жамағат қатысты.

Байқауда «Нұр-Сұлтан» мешітінің наиб имамы Серік Қари Ахметов, «Әл-Фараби» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет және Құран секторының Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Ерсайын Қабылқанұлы қазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын иегеріне Ұмра сапарына жолдама табысталды. Сонымен қатар Астана қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы Құран байқауының ұйымдастырылуына атсалысқан барша азаматқа алғыс білдіріп, арнайы кәдесыйлар табыстады.

  • І орын: Әділбек Арсен Арманұлы;

  • ІІ орын: Мұстафа Медетұлы;

  • ІІІ орын: Есқара Рахымжан Әлімжанұлы;

  • «Көрермен көзайымы» номинациясы: Әділбеков Ануар Алтынбекұлы.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру