АСТАНА ӨКІЛДІГІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің жылдық қорытынды есеп беру жиналысы өтті. Қала бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен қорытынды жиналыста елордадағы 14 мешіттің бас имамдары 2024 жылы атқарылған іс-шаралар есебін баяндады.
Есеп беру үлгісіне сәйкес мешіттердің қорытынды мәліметтері арнайы слайд ретінде экраннан көрсетіліп, жазбаша үлгісі тапсырылды.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздегі мешіттер жұмысы бірнеше іргелі бағыттар бойынша жүзеге асып келеді. Осыған сәйкес, қала мешіттерінің бас имамдары есеп беріп, қосымша сұрақтар бойынша да толыққанды мәлімет беріп өтті.
Жиналыс соңында қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы биылғы жылдың жалпы есебін жариялап, кейбір бағыттар бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, өкілдік қызметкерлерінің жыл басынан бері атқарған жұмыстарын сараптай келіп, мешіт бас имамдары мен наиб имамдарына арнайы «Алғыс хат» табысталып, үздік қызмет атқарған имамдарға ақшалай сыйақылар, Түркістанға рухани саяхат сертификаты және Ұмра қажылығы тарту етілді.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!