АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ
28 тамыз 2026
57
0
Оқу режимі
Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен және мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға мектеп құралдары табысталды.
Қайырымдылық іс-шарасына Астана қаласы Әйел-қыздар секторы да өз үлесін қосып, балаларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге атсалысты.
Игі істің негізгі мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, балалардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарын түгендеуіне жәрдемдесу. Балаларға мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталып, ізгі ниет пен қамқорлық көрсетілді.










Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру