АСТАНА ҚАЛАСЫ ӨКІЛДІГІ ТҮРКИЯҒА БАРҒАН ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ (ФОТО)

01 наурыз 2023 1877 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне арнайы алғыстарын білдірді. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай Төтенше жағдайлар департаментінің Е.Рахмадиев атындағы филармония залында өткен алқалы жиынына арнайы қатысқан Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов құтқарушылар еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізіп, ізгі тілегін білдірді.

Алғыс айту күніне орай жасалған бұл шараның маңыздылығын айта келіп, Ерболат Нұрылдаұлы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Базарбаев Қуанар Бекенұлына өкілдік атынан «Алғыс хат» табыстап, мерекелік сыйлықпен құттықтады.

Сондай-ақ, Астана қаласының бас имамы жақында ғана Түркия мемлекетіндегі зілзала кезінде көмекке аттанған Жедел құтқару жасағының 23 қызметкеріне арнайы алғысын білдіріп, өкілдік атынан сый-сияпат табыстады.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру