АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ДІН МЕН ДӘСТҮР БАҒЫТЫНДА КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО) 

07 қараша 2024 605 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Елорда мешіттерінің әйел жамағаты арасында «Қазақтың келіндері-ай!» атты сайыс болып өтті.  

Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Aq meshit» мешітінде өткен бабадан мұра боп келе жатқан рухани құндылықтарымызды бейнелейтін шараға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Aqmeshit» мешітінің бас имамы Муслимов және елорда мешіттерінің әйел жамағаты қатысты. 

Сондай-ақ, қазылар алқасы құрамында Республикалық Бас мешіттің ұстазы Қарлығаш Мәлікқызы, Астана қаласы қыздар медресесінің ұстазы Жаңагүл Далагүлова және Бейсекүл Үкімбаева есімді ақ жаулықты әжелеріміз төрелік етті.

Бағзыдан жалғасып, бүгінге дейін тізбектеліп жеткен қазақ келіндеріне тән әдеп пен иба, үлкенге деген құрмет пен сыйластық, әдет-ғұрыпқа деген беріктікті насихаттайтын сайыста қатысушы қыз-келіншектер бар өнерін ортаға салды.

Шара барысында «Бастаңғы», «Бесікке салу», «Келін көңілі», «Құрсақ шашу», «Өңіржиек тағу», «Сәлем салу», «Табақ сәлемі», «Тұсау кесу» сынды жөн-жоралғылар орындалып, жеңімпаздар анықталды. 

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру