АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ЖАРАПАЗАН АЙТУ ЭСТАФЕТАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ (ФОТО)

25 наурыз 2025 580 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аясында жыл сайын өтетін жарапазан айту эстафетасы биыл да қызу жалғасып, Астана қаласы өкілдігі игі дәстүрдің көшін Сарыарқа төрінде жалғады.

Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған имам, ұстаздар, өнер жұлдыздары, ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, өздерінің бата-тілектерін арнады. 

Наурыз мерекесіне орай жиналған елорда жұртшылығын Рамазан айы және Ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтап бата тілектерін арнады. Жамағат көп шоғырланған мерекелік алаңда жарапазан жырын айтып, халықты қасиетті аймен сүйіншіледі.

Айта кетсек, жарапазан «Жә-Рамазан», яғни арапша «Рамазан келді» деген сөзден шыққан. Баяғы кезде жарапазан жыры бүкіл қазақ ауылы, қауымы боп айтылған болса, ал қазіргі кезде ол қолданыстан қалып бара жатқан ұлттық фольклордың бірі. Елімізде Рамазан айының қасиеті асқақтап, арамызда ораза ұстаушылар қатары жылдан жылға молаюда ата-бабамыздың бүгінге ауыз әдебиеті арқылы мұра боп жеткен Жарапазан жыры қайтадан жаңғырып, ол жаңаша реңке ие болады деген үміттеміз әрі ұлтымыздың көне дәстүрін жаңғырта жүруге шақырамыз.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру