АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «AQ MESHIT» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ
Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы елордадағы «Aq meshit» мешітінде жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.
«Жан рахаты Алланы еске алудан тұрады» тақырыбында айтылған көркем насихатында бас имам Алланы еске алу адамның жүрегіне тыныштық сыйлап, рухани өмірін байытатын ең ұлы құлшылықтардың бірі екенін атап өтті. Қасиетті Құрандағы «Жүректер Алланы еске алу арқылы ғана жай табады» деген аятқа тоқталып, адам баласының шынайы бақыт пен жан тыныштығына Жаратушысын еске алу арқылы қол жеткізетінін жеткізді.
Имам жамағатты Алланы көп еске алуға, құлшылықтарын кемелдендіруге және жүректерін рухани тұрғыдан тәрбиелеуге шақырды. Алланы еске алу тек тілмен айтылатын сөз емес, жүрекпен сезініп, амалмен бекітілетін құлшылық екенін айтып, мұсылман адамның өмірінде зікірдің ерекше орны бар екенін жеткізді.
Жамағатқа айтқан насихатынан кейін бас имам жұма құтпасын оқып, намаздан соң ақсақалдармен ел амандығы мен берекесін тілеп, дұға жасады.
%20(%D0%9A%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%82%D1%8C).jpg)

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі