Астанада әйел-қыздар секторы жылдық жоспарын бекітті (фото)

27 қаңтар 2023 2327 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде  ҚМДБ Астана өкілдігіне қарасты Әйел-қыздар секторының 2023 жылға арналған жиыны өтті. 

Жиынды Астана өкілдігі бойынша Әйел-қыздар секторының басшысы Зарина Шамидуллақызы жүргізді.  Жиналыста Астана мешіттерінің ұстаздары жыл бойы атқарылатын жұмыс бағытын талқылап, іс-шаралар жоспарын бекітті.  Әр бағыт бойынша атқарылатын жұмыстар қаралып, ұстаздарға арнайы тапсырмалар берілді. Атап айтқанда,  «уағыз-насихат», «діни сауат ашу», «қайырымдылық», «дін мен дәстүр» және «қоғамдық-мәдени» бағыттар бойынша қарқынды жұмыс істеу қолға алынбақ. Сондай-ақ, онлайн сабақтарды бастауға маңыздылық беру керектігі айтылды.

Жиын соңында ұстаздар өткен жылы атқарылған жұмыстарды талдай отырып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. 

Айта кетейік, Елордада 13 мешіт, (9 мешітте)13 әйел ұстаз қызмет атқарады.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру