АСТАНАДА ДІНИ ОҢАЛТУ МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

02 қазан 2026 96 0
Оқу режимі

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдардың жақтастарын оңалтудың теологиялық, құқықтық және әлеуметтік ерекшеліктері» тақырыбында теологиялық оңалту субъектілерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған екі күндік семинар өтті.

Іс-шараға еліміздің өңірлерінен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, теологтар және діни оңалту саласында жұмыс істейтін мамандар қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен азаматтармен жүргізілетін теологиялық оңалту жұмыстарының тиімділігін арттыру, мамандардың кәсіби білімін жетілдіру және өңірлердегі оңалту жұмысының тәжірибесін өзара сабақтастыру.

Семинар барысында діни оңалтудың теологиялық, құқықтық және әлеуметтік қырларына қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Дін істері комитетінің басқарма басшылары мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері арнайы баяндамалар жасап, тақырып аясында дәрістер оқыды.

Баяндамалар барысында деструктивті діни ағымдардың алдын алу, олардың жақтастарымен жеке жұмыс жүргізу, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды түсіндіру және оңалту үдерісінде құқықтық әрі әлеуметтік тәсілдерді тиімді қолдану мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар семинарға қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Өңірлерден келген теолог мамандар діни оңалту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың тәжірибесімен бөлісіп, практикалық мысалдар ұсынды.

Екі күнге созылған семинар қорытындысында қатысушылар діни оңалту саласындағы кәсіби білімдерін толықтырып, өзара тәжірибе алмасып, өңірлердегі жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.



















​

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру