АСТАНАДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

14 қыркүйек 2026 183 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының басшылығымен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде имамдардың білімін жетілдіру семинары өтті.

Семинардың ашылуында бас имам алғы сөз сөйлеп, имамдардың білімін үнемі жетілдіріп, діни мәселелер бойынша біліктілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында ҚМДБ төрағасының кеңесшісі, Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков «Мәзһабтардың шығу тарихы» тақырыбында дәріс оқыды. Лекцияда мәзһабтардың қалыптасу тарихы мен ислам ғылымындағы орны туралы мағлұматтар берілді.

Келесі кезекте ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің басшысы Данияр Кенжалин «Жаңа ғасырдағы жат ағымдар мен ұйымдар» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі кезеңдегі діни ағымдар мен ұйымдарға қатысты өзекті мәселелерге тоқталды.

Сондай-ақ ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы «Уақып сөзінің анықтамасы» тақырыбында дәріс оқып, уақып ұғымының мәні мен маңызы жөнінде түсіндірді.

Семинар барысында имамдар өздеріне қажетті білімді толықтырып, діни қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелер бойынша мағлұматтарын кеңейтті.

Жиын соңында қатысушыларға семинарға қатысқанын растайтын сертификаттар табысталып, естелік суретке түсті.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру