Астанада XV Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу сайысына іріктеу өтеді

04 маусым 2026 127 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен 25 маусым күні XV Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды іріктеу кезеңі өтеді.

Қатысушылар төмендегі номинациялар бойынша бақ сынайды:
• Толық Құранды жатқа оқу;
• Құранның 20 парасын жатқа оқу;
• Құранның 10 парасын жатқа оқу;
• Құранды мәнерлеп оқу.

Іріктеу кезеңі Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтеді. Сайыстың жүлде қоры:

30 пара:
1-орын 500.000 теңге;
2-орын 250.000 теңге;
3-орын 200.000 теңге.

20 пара:
1-орын 300.000 теңге;
2-орын 200.000 теңге;
3-орын 150.000 теңге.

10 пара:
1-орын 200.000 теңге;
2-орын 150.000 теңге;
3-орын 100.000 теңге.

Мәнерлеп оқу:
1-орын 150.000 теңге;
2-орын 100.000 теңге;
3-орын 70.000 теңге.

Құран жарысына қатысуға ниетті талапкерлерді тіркелуге шақырамыз!

Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін:
+7 702 758 38 58 (Ерсайын ұстаз)
E-mail: hazratsultankz@gmail.com

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру