Астанада XV Республикалық Құран жарысына іріктеу өтеді
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен 25 маусым күні XV Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысына қатысушыларды іріктеу кезеңі өтеді.
Қатысушылар төмендегі номинациялар бойынша бақ сынайды:
• Толық Құранды жатқа оқу;
• Құранның 20 парасын жатқа оқу;
• Құранның 10 парасын жатқа оқу;
• Құранды мәнерлеп оқу.
Іріктеу кезеңі Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтеді. Сайыстың жүлде қоры:
30 пара:
1-орын 500.000 теңге;
2-орын 250.000 теңге;
3-орын 200.000 теңге.
20 пара:
1-орын 300.000 теңге;
2-орын 200.000 теңге;
3-орын 150.000 теңге.
10 пара:
1-орын 200.000 теңге;
2-орын 150.000 теңге;
3-орын 100.000 теңге.
Мәнерлеп оқу:
1-орын 150.000 теңге;
2-орын 100.000 теңге;
3-орын 70.000 теңге.
Құран жарысына қатысуға ниетті талапкерлерді тіркелуге шақырамыз!
Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін:
+7 705 260 0150 (Ерсайын ұстаз)
E-mail: hazratsultankz@gmail.com
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі