АСТАНАДАҒЫ ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНЕ АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНДАРЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ (ФОТО)

13 наурыз 2026 94 0
Оқу режимі

ҚМДБ тапсырмасы аясында Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Төлебай» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне арнайы қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Іс-шара аясында мешіт имамдары және «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Діни оңалту бөлімінің жауапты мамандары Нұрбол Оразбай мен Рақымқазы Қабдысалым №3 түзеу мекемесіне барып, жазасын өтеп жатқан 100 азаматқа арналған ауызашар қораптарын табыс етті.

Кездесу барысында мешіт имамдары жиналғандарға Рамазан айының қадір-қасиеті, тәубе мен кешірімнің маңызы жайында уағыз-насихат айтты. Өз кезегінде мекеме әкімшілігі де алғыстарын білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру