«АТАЛАР МЕКТЕБІ» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ БАСҚОСУ ӨТТІ

13 қазан 2026 226 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдулахад Сманов «Әл-Фәттах» мешітіндегі «Аталар мектебі» клубының мүшелерімен кездесті.

Жиынға «Әл-Фәттах» мешітінің имамы Бағдат Абдукаримов бастаған мешіт қызметкерлері мен ақсақалдар қатысты.

Абдулахад Сманов «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» және «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыптарында насихат айтып, қазақ халқының салт-дәстүріндегі ас беру мен той өткізудің мән-маңызына тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға ас беру мәдениетіне қатысты арнайы құжат таныстырылып, оның негізгі бағыттары түсіндірілді.

Басқосуда ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылықты сақтау және рәсімнің негізгі мақсаты марқұмды еске алып, дұға жасау екенін ұғындыру мәселелері қозғалды. Сондай-ақ той-томалақтың тәрбиелік мәнін сақтап, ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа өнеге ету қажеттігі айтылды.

Ақ дастарқан басында өткен кездесуде көнекөз қариялар да өз ойларын жеткізіп, ізгі тілектерін айтты. Ел амандығы мен жұрт берекесін тілеп, батасын берді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру