Ауыл жастарының арқасында бір отбасы баспаналы болады (ФОТО)

01 тамыз 2018 8899 0
Оқу режимі

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы Ақбастау ауылының тұрғындары игі бастама көтеріп, көп балалы анаға арналған қолдауымен «Тұрмысы төмен бір отбасыға бір баспана» қайырымдылық шарасын бастап отыр. «Ақбастау» мешітінің имамы Н.Молжігіттің бастамасымен қолға алынған бұл игі іске ауыл тұрғындары мен қоғамдық ұйымдар, жеке кәсіпкерлер белсене атсалысып, бес баланың анасы М.Маралбаеваға үй салып беруге шешім қабылданған.

Ауыл әкімі Н.Сүгірбаев және орынбасары А.Мұратова салынып жаткан үйдің құжаттарын рәсімдеп беруді мойнына алса, ауылдың тумасы жеке кәсіпкер А.Қайратұлы, Ж.Ысхақов, Н.Оңбергеновтер қаржылай қолдау көрсетіп, құрылыс матералдарымен қамтамасыз етуге ықылас танытқан. Қайырымдылық шарасына ауылдың ардагарлер ұжымы, билер алқасы, Ү.Әлсейтов, Ғ.Қабылбеков бастаған ауыл жастары да өз үлестерін қосуда. Құрылыс барысын қадағалап тұру ауылымыздың абыз қариясы С.Құлбековке жүктеліп, қазіргі уақытта жаңа баспана жартылай аяқталып та қалған. Алла қаласа, көп балалы отбасы тамыз айының ортасында жаңа баспаналарына кіріп, қуанышты қоныс тойын тойлайтын болмақ.

Мейірімділікті мекеніне айналған Ақбастау ауылында биылғы жылы бұдан бөлек тұрмысы төмен екі отбасыға екі бұзаулы сиыр берілген көрінеді. Жеке шаруашылық төрағасы Б.Дулатов жылда тұрмысы төмен отбасыларға 40-бас уак малды зекет есебінен таратып отырса, осы ауылдың тумасы белгілі айтыскер ақын Ақмарал Леубаева тұрмысы төмен отбасы Ү.Әлсейітованың үйінің шатырын жаңартуға қаржылай көмектескен.

Сондай-ақ, ауыл жастары алдағы жылдары тұрмысы төмен бір отбасыға бір баспана салып беруді жоспарлап отыр.

Пікірлер Кіру