Әйел-қыздар секторы 10 отбасыға көмір түсіріп берді (ФОТО)

11 ақпан 2021 3967 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен бүгін Елордамызда қайырымдылық шарасы болып өтті. Қаладағы 12 мешіттегі әйел ұстаздардың бастамасы негізінде шәкірттер мен жамағат арасында қаражат жиналып, тұрмысы төмен отбасыларға қысқы отын жеткізіліп берілді.

Қысы қытымыр келетін Арқа жерінде мұқтаж жандарға көмір сатып алудың өзі кәдімгідей салмақ екені сөзсіз. Осы орайда алдын ала түзілген тізім бойынша жер үйлерде пәтер жалдап тұратын 15 отбасыға Әйел-қыздар секторы аязды күндері көмір түсіріп, жан жылуларымен бөлісіп қайтты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру