ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ ӨҢІРЛЕРДЕГІ ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

06 қараша 2023 1839 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Павлодар облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Дәстүрлі қазақ қоғамына зиянды діни сенімдер мен жымысқы идеологиялар» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл, Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы, сондай-ақ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожа мен сектордың 20 өңірден келген жауапты жетекшілері қатысты.

Алдымен Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы дініміз бен дәстүріміздің сабақтастығы туралы айта келе, әйел ұстаздарға әлеуметтік желіні пайданудағы әдептерге тоқталды. Ал Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы дәстүрлі исламға қарсы жұмыс жасап жатқан діни сенімдер мен жымысқы идеологиялар туралы жіті талдап берді.

Семинар қортындысында өңірлердегі әйел-қыздар секторының жетекшілері  аталған іс-шараға оң бағасын беріп, сектор жұмысын жетілдіру турасында өз ұсыныстарын білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі 

Пікірлер Кіру