ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА QUIZ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде елордалық әйел жамағаты арасында QUIZ форматында интеллектуалды сайыс өтті.
Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның марапаттау рәсіміне Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, әйел жамағатының білімге деген құштарлығы мен белсенділігі үшін алғысын білдірді.
Қатысушыларға Рамазан туралы, діни, тарихи және мәдени тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, олардың білімдері мен логикалық ойлау қабілеттері сыналды.
Сайыс барысында командалар өзара бәсекеге түсіп, шапшаңдықтары мен білімдерін дәлелдеді. Іс-шара соңында жеңімпаз командаларға арнайы сыйлықтар табысталып, ұстаздар қауымы әйел жамағатын жақсылықта жарысуға, білім жолында бұдан әрі белсенді болуға шақырды.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі