ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ НАСИХАТЫ ЖАЛҒАСУДА (ФОТО)

17 наурыз 2023 1920 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде әр жұма сайын әйел жамағатына арналған уағыз сағаты бүгін де өз жалғасын тапты. Сондай-ақ, өткен аптада да Жұма намазынан кейін әйел жамағатына «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Зарина Шамидуллақызы «Рамазанға дайындық» тақырыбындағы дәріс оқыған болатын. 

Рамазан айында өз нәпсімізді қалай тәрбиелеуіміз керек, бос уақытты қалай тиімді пайдаланамыз, Рамазан айында Құран оқудың артықшылығы туралы тағылымға толы насихат айтты. 

«Міне, қасиетті айға аздаған күндер қалды. Бәріміз, бұл күллі мұсылман баласына кешірім айы, рақым айы, береке айы болған айды – асыға күтуіміз қажет. Пайғамбарымыздың көзін көрген сақабалар да солай сағына күткен» – деді ұстаз Зарина Шамидуллақызы.

Уағыз соңында әдеттегідей жиналған жамағат ұстазға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру