ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА «ХАЛАЛ ДАМУ» МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ (ФОТО)

11 ақпан 2024 300 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен Халал ас тұтыну тақырыбында танымдық семинар ұйымдастырылды. Әйел жамағатына арналған семинар жұмысына ҚМДБ жанынан құрылған «Халал даму» ЖШС - шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттау орталығының бас маманы Айжан Омарова шақырылып, арнайы баяндама жасады.

Семинардың ашылу салтанатында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханов, Астана өкілдігі Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, ұстаз Эльмира Бұхарбаевалар сөз сөйлеп, халал тақырыбының қазіргі таңдағы маңыздылығына тоқталды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру