Әйелдер арасында Бүкілресейлік Құран жарысы өтеді

10 қаңтар 2020 4697 0
Оқу режимі

Қаңтар айының 25-жұлдызында әйел қарилар арасындағы Бүкілресейлік Құран жарысы ұйымдастырылып отыр. Татар елінің Ютазин ауданындағы Уруссу ауылында өтетін мәртебелі сайысқа Ресей елінің азаматшасы болып табылатын кез келген ақжаулықты қатыса алады. Ұйымдастырушылар алқасы үміткерлердің жасына шектеу қоймаған. Алайда, аталмыш сайысқа Құран орталықтары мен хафиздер даярлайтын діни оқу орындарының шәкірттері қатыстырылмайды.

Сайыс ережесі бойынша қатысушылар екі аталым «З пара (28,29,30)» және «4 пара (27,28,29,30)» бақтарын сынайтын болады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру