ӘЗЕРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МҮФТИЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
15 қыркүйек 2026
31
0
Оқу режимі
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Баку қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері мүфтилерінің жиыны мен халықаралық конференцияға қатысушыларды қабылдады.
Кездесуге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты.
Кездесуде діни басқармалар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, халықтар арасындағы бауырластықты бекемдеу, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және заманауи мәселелерге қатысты ортақ ұстанымдар қалыптастырудың маңызы атап өтілді.







Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру