«Әзірет Сұлтан» мешіті 30 отбасыға ет таратты (ФОТО)

15 қаңтар 2022 3375 0
Оқу режимі

Елорда төріндегі республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті апта соңын қайырымдылық шарасымен аяқтады. Демеуші азаматтардың көмегімен бүгін Елордадағы 30 мұқтаж отбасыға ет берілді. Құлшылық ордасына келіп, өтініш білдірген мұқтаж жандарға нәпіл құрбандық еттері үлестірілді.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Жандос Тәжімұратұлы жиылған жамағатқа бүгінгі қайырымдылық шарасының жай-жапсарын жеткізіп, тұрғындарға рухани қолдау лебізін білдірді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру