«Әзірет Сұлтан» мешіті 500 отбасыға айттық таратты (ФОТО)

15 маусым 2018 6403 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті Ораза айт мерекесінің құрметіне орай республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті  «Айттық бізден болсын!» атты дәстүрлі қайырымдылық шарасын өткізді. Жыл сайын Ораза айт мерекесінде өткізілетін бұл шара аясында Елордамыздағы тұрмысы төмен отбасыларға мереке мейірін сезіндіру мақсатында азық-түлік қоры толтырылған «айттық сөмкелері» таратылып келеді.

Биылғы жылы акция аясы әлдеқайда кеңейіп, Елордамыздағы 500 отбасыға көмек көрсетіліп отыр. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы акцияға жиылған жандарды Ораза айтпен құттықтап, мерейлі мерекедегі мешіт атынан беріліп отырған «айттық сөмкелерін» табыстады. Айта кетейік, «айттық сөмкелерінде күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік түрлері түгелдей салынған.

Пікірлер Кіру