«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ ТАҒЫ БІР НАИБ ИМАММЕН ТОЛЫҚТЫ (ФОТО)

Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітіне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен наиб имам тағайындалды.
Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов мешіт жамағатына білікті маман Махмұд Бекболатұлын таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығын оқып берді. Сондай-ақ, наиб имам қызметіне тағайындалып отырған Махмұд имамға сәттілік тіледі.
Қасым Махмұд Бекболатұлы
Қарағанды қаласында дүниеге келген.
БІЛІМІ:
2016-2018 ж.ж. «Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу орталығында тәлім алған;
2018-2022 ж.ж. «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті университетінің үздік түлегі.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
2022-2023 ж.ж. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ұстазы және облыс бойынша Жастар ісі секторының жауапты маманы қызметін атқарған;
2023-2025 ж.ж. Астана қаласы өкілдігі «Aq meshit» мешітінің ұстазы қызметін атқарды.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі