«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ АЛҒАШҚЫ АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ (ФОТО)

01 наурыз 2025 630 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа арналған алғашқы ауызашар дастарханы жайылды. Демеуші жандардың қолдауымен күнделікті 500 жанға арналып жайылатын тегін ауызашар дастарханы Рамазан айы бойы жалғасатын болмақ.

Алғашқы ауызашар отырысына жиылған жамағатқа «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Ерсайын Сәкенов Рамазан айының қадір-қасиеті жөнінде насихат айтты. Сондай-ақ, ораза жайында қажетті мағлұмат беріп, жамағат үшін пайдалы кеңестермен бөлісті. Рухани кештің соңында ауызашар дастарханын жайып отырған жомарт жандарға ақсақалдар дұға-тілектерін арнап, бата жасалды.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру