«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)
07 наурыз 2026
166
0
Оқу режимі
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел-қыздарға және ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді.
Мешіттің Бас имамы Ерболат Жүсіпов мешіт ұстаздары, қызметкерлерімен бірге мешітте қызмет атқарып жүрген әйел-қыздарға және ақ жаулықты аналарға ілтипат білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.
Жиында аналардың қоғамдағы орны, отбасы тәрбиесіндегі рөлі және Ислам дінінде әйел затына құрмет көрсетудің маңызы туралы насихат айтылды. Сондай-ақ жиналғандарға ананы ардақтау, үлкенді сыйлау және отбасы құндылықтарын сақтау – мұсылмандық тәрбиенің негізі екені атап өтілді.











Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру