«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «ӘШ-ШӘМӘЙЛ МҰХАММАДИЯ» КІТАБЫ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР ЦИКЛІ АЯҚТАЛДЫ
Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының бастамасымен қасиетті Мәуліт айының құрметіне ұйымдастырылған «Әш-Шәмәйл Мұхаммадия» кітабы бойынша дәрістер циклі өз мәресіне жетті.
Мәуліт айында басталған рухани сабақтардың мақсаты – жамағатқа екі дүние сардары, Алла елшісі Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолын, көркем мінезі мен өнегелі ғұмырын кеңінен таныстыру.
«Әш-Шәмәйл Мұхаммадия» кітабында келтірілген хадистер негізінде мешіт имамдары жамағатқа Пайғамбарымыздың көркем мінезін, қарапайымдылығын, құлшылықтағы ықыласын және адамдармен қарым-қатынасындағы өнегесін түсіндірді.
Дәрістер арқылы жамағат Алла елшісінің сүннетін тереңірек танып, оның әдебі мен адамгершілік қасиеттерін күнделікті өмірде басшылыққа алудың маңызын ұғынды.







Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі