«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ КҮН САЙЫН 500 АДАМҒА АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛЫП ЖАТЫР (ФОТО)

Елордадағы ең үлкен құлшылық ордаларының бірі – «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне күн сайын 500 адамға ауызашар беріледі.
Мешіт жамағаты мен қала тұрғындарына арналған бұл игі іс-шарада демеуші жандардың қолдауымен арнайы дастархан жайылып, ораза тұтқандарға дәмді тағам ұсынылады. Күн сайын ауызашарға жиналған жамағат қасиетті айдың берекесін сезініп, бір-біріне ізгі тілектерін жолдайды.
Сондай-ақ, ауызашар кезінде рухани насихат айтылып, дін мамандары Рамазан айының артықшылықтары, оразаның сауабы мен мұсылмандық құндылықтар жайында тағылымды ойларымен бөліседі.
Қайырымдылық пен мейірімділікті дәріптейтін бұл игі іс-шара Рамазан айы бойы жалғасады. Ораза ұстаған жандарға арналған бұл дастархан жамағаттың бірлігі мен ынтымағын арттырып, қасиетті айдың рухани атмосферасын сезінуге ықпал етеді.
Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі