«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ КҮН САЙЫН ҚҰРАН ХАТЫМ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР (ФОТО)

05 наурыз 2025 501 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына сәйкес, «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатпен күн сайын және Instagram-дағы тікелей эфирде Құран хатым жасалып жатыр.

Қасиетті Құран Кәрім Рамазан бойы оқылып, Қадір түнінде арнайы дұға жасалады.

Рамазан – Құран айы. Бұл айда уақыт тауып, Құран Кәрімді көп оқуға ұмтылу – мұсылман үшін сауапты істердің бірі. Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді:

«Әрине Алланың Кітабын оқып, намазды толық орындағандар және өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес түрде тиісті орынға жұмсағандар, еш түгемейтін бір сауда (сауап) үміт ете алады». (Фатыр, 35:29) 

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру