«Әзірет Сұлтан» мешітінде Президент жолдауына орай отырыс өтті (ФОТО)

02 қыркүйек 2020 4375 0
Оқу режимі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Палаталарының бірлескен отырысында  айтқан Қазақстан халқына жолдауына орай бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде алқалы отырыс өтті. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын Президент жолдауындағы айтылған басты мәселелер бойынша жұмыс жоспары талқыланып, қызметкерлер ұсынысы тыңдалды.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов жаңа жолдаудың маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет басшысының жолдауындағы ауқымды әрі күрделі шаруаларға белсене үлес қосуға шақырды. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа жолдауындағы «ҰЛТТЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСЫ» бөлімінде айтылған асыл қасиеттерді ұлт бойына сіңіріп, еліміздің әр азаматы білімді де еңбекқор, әділет сүйгіш, темірдей тәртіпті, ұқыпты да адал болып өсуіне ерекше еңбек сіңіру керектігі айтылды.

Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жақында қабылдаған «Рухани жеті қазық» құжатына сәйкес жүргізіліп келе жатқан уағыз-насихат, ағарту жұмыстарын ары қарай жалғастыру жайы пысықталды.

Пікірлер Кіру