«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚАДІР ТҮНІ ҚАРИЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

16 наурыз 2026 69 0
Оқу режимі

Мың айдан да қайырлы Қадір түніне арналған рухани бағдарлама аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінде Рамазан айы бойы тарауық намазын жүргізіп, жамағатқа Құран аяттарын әуезді мақаммен оқып берген қариларға құрмет көрсетілді.

Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қасиетті айда құлшылықты көркейтіп, жамағаттың рухани сусындауына үлес қосқан қариларға алғыс айтып, арнайы марапат табыстады. Дәстүрге сай иықтарына шапан жабылып, олардың игі қызметіне береке тілеп, дұға жасалды.

Сондай-ақ мешітке жиналған ақсақалдар мен жамағат өкілдері қариларға батасын беріп, ризашылықтарын білдірді. Қасиетті айда Құранмен қауыштырған қарилар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Жамағатты намазға ұйытып, Құран Кәрімнің қасиетті аяттарымен сусындатқан қариларымыз туралы мәлімет бере кетейік.

1. Жұманазар Садырханов
1979 жылы 23 қарашада туған.
Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы.
Асыл қырағатынан «Хафс» және «Шуғба» риуаяттары бойынша екі ижазаға ие.
ҚМДБ жанындағы «Қарилар алқасының» мүшесі.
Еліміздің алғашқы қариларының бірі, қазіргі көптеген қарилардың ұстазы.
20 жылдан астам уақыттан бері Рамазан айының Тарауих намаздарында Құран хатым етіп келе жатқан тәжірибелі қари.

2. Алихан Берден
2003 жылы 4 шілдеде туған.
Стамбұл қаласында орналасқан «29 Майыс» университетінің «Исламтану» факультетінің 3-курс студенті.
2024 жылы Батыс Қазақстан облысында өткен Республикалық Құран жарысының іріктеу кезеңінде 1-орын жүлдегері.
2020 жылдан бері Тарауих намазында Құран хатым етіп келеді.

3. Нұрмұхаммед Аюбай
2006 жылы 12 қыркүйекте туған.
Астана медресе-колледжінің 3-курс студенті.
2019 жылы Қызылорда қаласында өткен Республикалық Құран жарысында «Көрермен көзайымы» номинациясының иегері атанды.
2020 жылдан бері Тарауих намазында Құран хатым етіп келеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру