«Әзірет Сұлтан» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

22 қазан 2021 545 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті жұма күні «Кең болсаң, кем болмайсың!» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Бұл берекелі бастама ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қолға алынды. Мұқтаждарға қол ұшын беуді көздеген жәрмеңкеде аспаздардың қолынан шыққан тағам түрлері мен тәттілер, киім-кешек, қол-өнер бұйымдары және жамағаттың кәдесіне жарайтын өнімдер ұсынылды.

Айта кетсек, бас мешітте әр жұма күндері үрдіс бойынша қайырымдылық жәрмеңкесі өткізіліп тұратын. Тек әлем жұртшылығына төнген індет салдарынан тоқтап қалған болатын. Міне, Алланың қалауымен бұл игі бастама қайта қолға алынып отыр. Енді нәсіп болса, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру