«Әзірет Сұлтан» мешітінде қажылыққа дайындық дәрістері өтеді
Құрметті елордалық жамағат!
«Әзірет Сұлтан» мешітінде Қажылық құлшылығына арналған арнайы танымдық дәрістер өткізілетінін хабарлаймыз! Осы рухани әрі маңызды дәрістерге белсенді қатысуға шақырамыз. Қажылық – үлкен құлшылық, оған біліммен әрі дайындықпен бару – мұсылманның міндеті.
Бұл дәрістер Қажылық сапарына ниет еткен барша мұсылман бауырлар үшін ұйымдастырылып отыр. Сабақ барысында Қажылықтың мәні мен маңызы, орындалу тәртібі, шарттары, ихрам кию ережелері, дұғалар және сапар барысында сақталатын әдептер жан-жақты түсіндіріледі. Сонымен қатар, қажылық кезінде жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, практикалық кеңестер ұсынылады.
Дәрістердің мақсаты:
– Қажылыққа дұрыс әрі сауатты дайындық жасау
– Діни білімді тереңдету
– Құлшылықты шариғатқа сай орындауға бағыт беру
– Рухани танымды арттыру
Өтетін орны: «Әзірет Сұлтан» мешітінің 3-қабаты, 1-аудитория
Өтетін мерзімі:
25.04.2026 / сағат 11:00-де
02.05.2026 / сағат 11:00-де
Байланыс: +7 701 485 53 16
Жауапты ұстаз: Дарханұлы Тамирлан