«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚҰДАЙЫ АС ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

20 қазан 2026 85 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде дәстүрлі бейсенбілік уағыз дастарханы жайылды.

Басқосу барысында мешіттің наиб имамы, ҚМДБ-ның Дін мен дәстүр бағыты бойынша Астана қаласы өкілдігінің жауапты маманы Әбдулахад Сманов «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында уағыз айтты.

Уағызда ас беру дәстүрінің мәні, марқұмға дұға бағыштау, ағайынның бірлігін сақтау және құдайы ас кезінде ысырапқа жол бермеу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ ас беруді бәсекеге айналдырмай, қарапайымдылық пен ізгі ниетті басты орынға қоюдың маңызы түсіндірілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру