«Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран Кәрімді жатқа оқудан V республикалық сайысқа іріктеу өтті

09 сәуір 2026 125 0
Оқу режимі

Елорда төріндегі «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел-қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан V республикалық байқауға іріктеу кезеңі «5 пара» аталымы бойынша өтті.

Қазылар алқасында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, Құран секторына жауапты маман Ерсайын Қабылқанұлы, Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Бекет, мешіттің азаншысы Мұсабек Еркінбек және наиб имамы Абдулахад Сманов төрелік етті. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Махмұд Қасым модераторлық етіп, кештің тізгінін алды.

Іріктеуге жас қарилар қатысып, қасиетті Құран аяттарын жатқа оқу бойынша өзара бақ сынасты. Қатысушылардың білім деңгейі мен тәжуид ережелерін сақтауына білікті қазылар алқасы баға берді.

Нәтижесінде:

  • Болат Іңкар – 1 орын иегері;
  • Богатырева Раяна, Богатырева Ясмина, Елубай Аружан – алғыс хатпен марапатталды.

Шараның басты мақсаты – әйел-қыздар арасындағы Құран жаттауды насихаттау, олардың білімін жетілдіру және республикалық деңгейдегі байқауға үздіктерді анықтау.

Суреттерді «Фотогалерея» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру