«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН СЕКТОРЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран секторы бойынша қала мешіттерінің ұстаздары мен жауапты мамандарының қатысуымен жиналыс өтті.
Жиынды «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, Құран секторының Астана қаласы өкілдігі бойынша жетекшісі Ерсайын Қабылқанұлы өткізді.
Жиналыстың мақсаты – Құран секторы аясында бекітілген жұмыс жоспарын талқылап, Құран үйрету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу мәселелерін қарастыру.
Кездесу барысында мешіттердегі Құран үйрету курстарының жұмысы, шәкірттердің білім деңгейін арттыру, тәжуид ережелерін дұрыс үйрету, сондай-ақ Құран жаттау ісін дамыту мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, ұстаздардың тәжірибе алмасуы мен оқу үдерісін жетілдіру жолдары талқыланды.
Жиналыс соңында алдағы кезеңге арналған жоспарлар пысықталып, жауапты ұстаздарға нақты тапсырмалар берілді.




Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі