«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

10 қазан 2026 99 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының басшылығымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.

Игі іс-шараға мешіт қызметкерлері мен жамағат қатысып, мешіттің сыртқы аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ал әйел ұстаздар мен қыз-келіншектер жамағаты мешіт ғимаратының сыртқы қасбеттерін, намаз залдарын, дәріс бөлмелері мен дәрет алу орындарын тазалап, ретке келтірді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жалпыұлттық экологиялық акция. Оның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған жерге жанашырлықпен қарау және азаматтардың тазалық пен абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуын арттыру.

Ислам дінінде тазалыққа ерекше мән беріледі. Тазалық – мұсылманның күнделікті өміріндегі маңызды ұстанымдардың бірі. Қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық орындарға ұқыптылықпен қарау және айналаға зиян келтірмеу – әр адамның жауапкершілігі.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру